Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында коронавирустан емделу және оны диагностикалауға қатысты сұрақтарға жауап берілді.
Видеоконференцияға Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров, Алматы қаласы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы – қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалы директорының орынбасары Наталья Дягилева, «Олимп КДЗ» бас директоры Ерлан Сүлейменов және «Medical Partners Korea Qazaqstan (Медикал Партнерс Корея Қазақстан)» ЖШС медициналық қызмет бойынша директор Доктор Мин Хисук қатысты.
Камалжан Надыров коронавируспен ауырып жатқан диагностикалау және емдеу хаттамасына енгізілген жаңа ережелер туралы пікір білдіріп, қаладағы коронавируске қатысты ағымдағы жағдай жөнінде хабарлады.
«Клиникалық хаттамадағы өзгерістер коронавирус инфекциясының белгілеріне ұқсас ауру белгілері бар науқастарды емдеуге рұқсат етеді, алайда ол үшін олардың тест нәтижелері оң нәтиже көрсетпеуі керек», — деп атап өтті Камалжан Надыров. Осылайша, жаңадан енгізілген өзгерістер жағдайды бақылауда ұстауға, сонымен бірге аурудың әлдеқайда ауыр формаларын болдырмауға мүмкіндік береді.
Соған қарамастан, бүгінгі күні Алматыда жұқтырудың 3258 оқиғасы тіркелген, инфекциялық стационарларда 1351 адам жатыр. Камалжан Надыров науқастардың саны күн сайын көбейіп жатқанын тағы да еске салды, соған байланысты азаматтарға өз тараптарынан тәртіпті сақтау керек.
Жандарбек Бекшин өз кезегінде коронавирус инфекциясын диагностикалау барысын, сонымен бірге тесттер жетіспейді деген ақпаратқа байланысты түсініктеме беріп өтті.
«Қазіргі сәтте тесттен өтуге деген сұраныс көбейіп отыр. Бүгінде коронавирусқа тест тапсыруға болатын 6 зертхана жұмыс істейді. Өкінішке қарай, жұмысқа түскен салмақтың артуына байланысты, кейбір зертханаларға аз ғана уақытқа өз пункттерін техникалық жұмыстар жүргізу үшін жабуға тура келді», — деп хабарлады Жандарбек Бекшин, соған қарамастан, жағдайдың бақылауда екенін және қажетті тестілеу көлемін жүргізу (жасау) үшін медициналық ресурстардың жеткілікті екенін атап өтті. Тиісті техникалық және санитарлық-эпидемиологиялық шаралар аяқталғаннан кейін тестілеу пункттері келушілерді қабылдай бастайды.
Қалалық зертханалардың басшылары да өз қызметтері жайлы түсіндіріп өтті. Осылайша, Наталья Дягилева Ұлттық сараптама орталығы барлық кезең бойы 70 мыңнан астам тест өткізгенін, олардың арасында 2333-і оң нәтиже көрсеткенін хабарлады.
Тәулік бойы істейтін жұмыс кестесін ескере отырып, зертханалардың қуаттылығы бір күнде 700-1000 тестті құрайды, алайда қазір зертхана тек мемлекеттік тапсырыстар бойынша жұмыс істейді. Бұл коронавирусқа тест тапсыратын жекеменшік пункттердің пайда болуымен байланысты.
Бұдан өзге, ҰСО болжам бойынша 24 маусымнан бастап жұмысын бастайтын «Атакент» ҚІҚО-ғы жаңа зертхананың қызметін реттеумен айналысады. Жаңа зертхана жұмыссыздар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың мүшелері, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, стационарларға жоспарлы түрде жатқызылатын науқастар, жастары 50-ден асқан пациенттер, тыныс алу аурулары бойынша, эндокриндік және жүрек қан-тамырлары жүйесі бойынша динамикалық бақылауда тұрған азаматтар үшін тегін 30 мың тест өткізбек.
Оставить комментарий