Қостанайда тұрғын үй өртеніп, 66 жастағы әйел қайтыс болды

/image/2020/06/26/crop-57_4_516x688_200626131540600e.jpg

Қостанай облысында тұрғын үй өрті кезінде 66 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 25 маусым күні Самир ауылында болған.

"Сағат 21:45-те Тобыл қаласының өрт сөндіру бөліміне Школьная көшесіндегі жеке тұрғын үйдің жанып жатқаны туралы хабар түсті. Өрт ауқымы 65 шаршы метрді құрады. Оқиға орнына кезекші топ жұмылдырылды. Тұрғын үй өрті кезінде 1954 жылы туған әйелдің денесі табылды" делінген ТЖД-ның баспасөз хабарламасында.

Өрт сағат 23:29-да толығымен сөндірілді. Қазіргі уақытта ТЖД мамандары оқиға орнында өрттің неден шыққанын анықтап жатыр. 

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи