Елде бір айға қатаң карантин енгізу ұсынылды

/image/2020/06/30/crop-3_158_697x1239_2020_03_21_whatsapp-image-2020-03-21-at-19.07.40-1.jpeg

"COVID-19-ға бірге қарсы шығайық" қағидаты бойынша үш кезеңнен тұратын шаралар жоспарланған.

Алғашқы екі апта дайындық уақытынан тұрса, одан кейін карантиндік кезең іске қосылады, артынша қағидатты толық орындау фазасына өту көзделген.

Дайындық кезеңінде денсаулық сақтау жүйесін ресурспен қамтамасыз ету, тұрғындардың медициналық көмекке деген сұранысын қанағаттандыру, медицина қызметкерлерінің әзірлігін ұйымдастыру қамтылса, карантиндік кезеңде вирустың жаппай таралу тізбегін тоқтату, тұрғындар мен бизнеске арналған құқықтық және ақпараттық жұмысты жүргізу қарастырылған.

Үшінші кезеңде ұзақ мерзімді оң эффектті қалыптастыру үшін ведомствоаралық және экономикалық шараларды қолға алу жоспарланған.

Министр карантиндік кезеңде шектеу шараларын енгізіп, бизнес үшін санитарлық ережені қайта қарап, карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті қатаңдатуды ұсынды.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи