Динара Сәтжанның апасы коронавирустан қайтыс болды

/image/2020/07/02/crop-118_11_1982x2643_9533290.jpg

Қазақстандық танымал тележүргізуші, дизайнер Динара Сәтжан өзінің Instagram парақшасында нағашы әжесінің коронавирус инфекциясынан қайтыс болғанын хабарлады.

– Бүгін біздің нағашы апамыз өмірден өтті. Диагнозы – коронавирус. Бұл қауіпті індет бүгінде Жаңаарқада өршіп тұр. Маусым басында сол жерде болып қайттым. Ол кезде апам өзін жақсы сезінген болатын. Бұл вирус болмағанда ол әлі де кемінде 10-15 жыл өмір сүретін еді, – деп жазды тележүргізуші.

Айта кетейік, елде вирус жұқтырғандардың жалпы саны – 42 574, оның ішінде жазылып шыққаны – 14 415, қайтыс болғандар – 188.

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи