Әкімдік: Отшашу қала тұрғындарының көңіл-күйін көтеруге арналған

/image/2020/07/07/crop-12_10_436x774_photo_326522.jpeg

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдінің мәдениет басқармасы 6 шілде күні елордада болған отшашуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Tengrinews.kz.

"Астана күніне отшашу жыл басында жоспарланған болатын, демеушілер материалдар сатып алып, орындарды анықтады. Бұл фейерверк қала тұрғындарының көңіл-күйін көтеруге, коронавируспен күресте алдыңғы қатарда тұрған медицина қызметкерлерін қолдауға арналған" деді мәдениет басқармасындағылар.

Кеше Нұр-Сұлтан қаласында Елорда күні мен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне арналған отшашу рәсімі болған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи