Көлгінов: 2 күндік карантин аурудың азаюына септігін тигізді

/image/2020/07/07/crop-31_1_517x920_fbuofqfq.jpg

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов демалыс күндері енгізілген 2 күндік карантин жедел жәрдемге хабарласушылар санын азайтқанын айтты.

22-28 маусым күндері Нұр-Сұлтан қаласының жедел жәрдем стансасына өте көп адам хабарласты. Бұрындары тәулігіне 2-2,5 мың қоңырау қабылданса, бұл күндері 4 300-ден астам адам хабарласқан. Демалыс күндеріне енгізілген екі күндік карантиннен соң бұл сандар айтарлықтай төмендеді. Қазір де үш тәуліктен бері карантин режимінде жұмыс істеп жатырмыз, жедел жәрдем стансасына хабарласушылар саны азайып, қайтадан 2 090 қоңырауға дейін түсті. Біз азаматтардың жағдайды саналы түрде түсінгенін көріп отырмыз. Бұл өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығын сақтауға, дәрігерлердің жүктемесін азайтуға септігін тигізеді, – деді елорда әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қала әкімі жедел жәрдем стансаларында 110 бригада болса, қазір олардың саны 150-ге жеткенін айтты.

Ресми деректер бойынша, Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 63 адам қайтыс болды.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи