Жұмысқа бара жатқан тұрғын аюдың шабуылына ұшырап, ауыр жарақат алған (видео)

/image/2020/07/16/crop-13_13_675x587_140613966800.jpg

Үндістанның Кашмир қаласының 55 жастағы тұрғыны жұмысқа бара жатқанда аюдың шабуылына ұшырап, ауыр жарақат алған. Бұл туралы The Mirror гезеті хабарлады.

Оқиға 9 шілдеде орталық Кашмирдегі Будгам ауданындағы Шоплиан Хаг аймағында болған. Гулам Кадир Шейх есімді адамның Кашмирдегі Шоплян-Хаг тұрғыны екені анықталған.

Ол үйінен шығып, жұмысына келе жатқанда, аю шабуыл жасап, ауыр жарақат алған.

Видеодан Гуламның аюдан құтылуға тырысқанын көруге болады, ол аюды жұлқылап, қашып кетуге тырысқан. Зардап шегушіге тағы бір адамның көмектесіп, аюды таяқпен ұрғаны да байқалады.

Гулам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген, содан кейін әрі қарай күрделі емдеу үшін Сринагардағы ауруханаға жіберілген.

Өткен аптада Италияда да осындай оқиға болған. Екі саяхатшы аюдың шабуылына ұшырағаннан кейін, аю өлім жазасына кесілген.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи