Бүгін, 18 шілде күні жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстан парламентінің экс-депутаты Мырзагелді Кемел 71 жасында көз жұмды. Оның қайтыс болғанын мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі растады. Жазушының неден қайтыс болғаны әлі белгісіз.
Мырзагелді Кемел 1949 жылы 15 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданында туған. 1971 жылы Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының ауыл шаруашылығын электрлендіру мамандығын, 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Жамбыл университетінің құқықтану факультетінің заңгер мамандығын тамамдаған.
Ол еңбек жолын 1971 жылы Мақтарал ауданындағы "Октябрьдің 30 жылдығы" совхозында аға инженер болып бастаған. Мырзагелді Кемел 1994–1995 жылдары Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты, 1995 жылы Қазақстан министрлер кабинеті жанындағы шетел инвестициясы жөніндегі комитетінің сектор меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1995–2004 жылдары бірінші және екінші шақырылған Қазақстан парламентінің депутаты болды.
Ол руханият саласында 10 кітап шығарған. Қазақстан президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының профессоры, 14 монографияның, 100-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы.
Қазақстанда соңғы айда бірнеше қаламгер қайтыс болған. Олардың арасында ақын Жарылқасын Боранбаев, ақын, жазушы, аудармашы Аманжол Қанафин, ақын, жазушы Жеңіс Аронов, ақын Әскербек Рахымбекұлы, жазушы, журналист Айжарық Сәдібекұлы, жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлы
Оставить комментарий