Тоқаев: Біз ештеңе жасырмауымыз керек

/image/2020/07/18/crop-130_50_2160x3840_a11c3da39c76c0430e01700182be9af3.jpg

Ведомствоаралық комиссияның отырысында коронавирус індетін анықтау үшін жасалатын тестілеу туралы да сөз өрбіді. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

– Анықтаудың деңгейі төмен дегеніміз тиімсіз жұмыстың нәтижесі. Мұны шынайы бейнені жасыруға деген ниет деп те айтуға болады. Үкіметке аймақтардағы тестілеудің деңгейін бірқалыпты ұстауды бақылауды тапсырамын. Біз ештеңе жасырмауымыз керек, – деді мемлекет басшысы.

Қазір сынамадан өтіп жатқан адамдар саны күніне 32 мыңды құрайды. Бірақ әр аймақта көрсеткіштер арасында біршама арақашықтық бар.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи