Тоқаев: Ауылдарды дәрімен, медицина құрылғылармен қамтамасыз етуді тапсырамын

/image/2020/07/18/crop-87_26_2166x3850_141043044900.jpg

Қалалардағы ахуалды тұрақтандырамыз деп, ауыл тұрғындарын ұмытып кетпеуіміз керек. Бұл туралы президент коронавирус індетінің таралу ахуалы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде ауылдағы азаматтар үшін диагностика және емдеу шаралары қол жетімді емес екенін айта келе,  оларға қарапайым дәрі-дәрмектің жетпей жатқанына тоқталды.

– Ауыл-аймақтарда медицина кадрларының тапшылығы және қажетті инфрақұрылымның жоқтығы жығылғанға жұдырық болып отыр. Үкімет 2300 әмбебап мобильді бригаданың жасақталғанын баяндады. Алайда олар, негізінен, қала тұрғындарына ғана қызмет көрсетеді. Ауылды назардан тыс қалдыруға болмайды! Үкіметке өңірлермен бірлесіп, барынша қысқа мерзімде ауылдарды диагностика және емдеу ісімен, сондай-ақ, қажетті дәрі-дәрмекпен, медицина құрылғыларымен қамтамасыз етуді тапсырамын, – деді президент.

Оставить комментарий

Связанные Статьи