Атырауда маусымнан бері пневмониядан 122 адам қайтыс болған

/image/2020/07/18/crop-40_4_387x688_f08e36abe692a4b59effa2e64496fae1_l.jpg

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров облыста маусым айынан бері пневмониядан 122 адам қайтыс болғанын хабарлады.

– Бүгінге дейін Атырау облысында пневмонияға шалдыққан 5809 адам тіркелді, 122 адам осы дерттен қайтыс болды. Өткен жылы осы кезеңде пневмониядан 56 адам көз жұмған еді, – деді онлайн-брифингте Нұрлыбек Қабдықапаров.

Оның айтуынша, өңірде коронавирус инфекциясынан 13 адам бақилық болған. Бұған қоса, тағы осындай 30 жағдайды арнайы комиссия қарап жатыр.

Сондай-ақ 243 медицина қызметкері қауіпті індетті жұқтырған.

Дереккөз: ҚазАқпарат



Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи