Өткен аптада Шығыс Қазақстанға 156 оттегі концентраттары жеткізілді. Бүгін 23 концентратор әкелінді. COVID-19 шалдыққан науқастар жатқан аудандық және қалалық ауруханалардың дені жаңа аппараттарды алды. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында Ілияс Мұхамеджан мәлім етті.
– Облыстағы ауруханаларда 465 оттегі концентраты іске қосулы тұр. Алдағы уақытта тағы 277 аппарат алынады. Концентраттардың денін бюджет қорынан қаражат бөліп, сатып алдық. Сондай-ақ қосымша аппараттарды алуға кәсіпкерлер мен меценаттар қолдау көрсетуде,– деді Ілияс Мұхамеджан.
ШҚО-дағы 27 медициналық мекемеде, оның ішінде аудандық ауруханалар орташа есеппен 5 концентраттан алды.
Айта кетейік, Татарстан Республикасынан келген дәрігерлер тобы ШҚО-дағы ауруханаларға оң бағасын берді. Бұл COVID-19 күресу барысында оң нәтиже бермек.
Оставить комментарий