Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 75 мыңнан асты

/image/2020/07/22/crop-4_2_712x1266_2020050612311671943_2020050612273962866_mnmsterstvo.jpg

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметіне сай, елде өткен тәулікте 1 685 адам коронавирус індетін жұқтырған. Оның ішінде 743 адам – клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы.

Аймақтар бойынша жалпы статистика төмендегідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 213 / 103

Алматы қаласы - 241 / 134

Шымкент қаласы - 38 / 10

Ақмола облысы - 54 / 28

Ақтөбе облысы - 50 / 30

Алматы облысы - 54 / 27

Атырау облысы - 109 / 65

Шығыс Қазақстан облысы - 238 / 115

Жамбыл облысы - 42 / 23

Батыс Қазақстан облысы - 87 / 44

Қарағанды облысы - 175 / 79

Қостанай облысы - 54 / 17

Қызылорда облысы - 115 / 34

Маңғыстау облысы - 49 / 18

Павлодар облысы - 68 / 6

Солтүстік Қазақстан облысы - 82 / 4

Түркістан облысы - 16 / 6

Елде барлығы 75 153 адамнан коронавирус анықталған. Оның ішінде 46 790 адам ауруынан жазылса, 585 адам індеттен қайтыс болған.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи