10 шілде күні үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қалыптасқан ахуал екі аптадан кейін жақсарады деп үміттенемін. Олай болмаған жағдайда, жалпы үкіметтің осы құрамда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мәселе туындайды" деген еді. Президент мәлімдеме жасаған күннен бастап екі апта уақыт өтті. Үкіметтің отставкаға кеткені дұрыс па, әлде осы құрамда жұмыс істегені жөн бе? Қамшы тілшісі осы сұрақ бойынша Алматы тұрғындардың пікірін білді.
Оставить комментарий