Алматыдағы барлық перзентхана инфекцияны бақылаудың қатаң талаптарына сай келеді

/image/2020/07/26/crop-58_10_774x1033_122615680100.jpg

Алматыдағы барлық перзентхана инфекцияны бақылаудың қатаң талаптарына сай келеді. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлімдеді.

«Әсіресе пандемия кезінде барлық әйелге қауіпсіз босану, босануға дейінгі және босанғаннан кейінгі күтім қолжетімді болуы маңызды», — деді спикер.

Қаладағы барлық перзентханада коронавирус инфекциясы бар жүкті әйелдерді қабылдайтын бөлім бар екенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, №4 перзентханаға 60 төсек орны қосылады. Сондықтан, диагнозы расталған болса да, болашақ аналар алаңдамауы керек. Барлық перзентхана инфекцияны бақылаудың қатаң талаптарына сай келеді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи