Ақмола облысында өрттен үш бала қайтыс болды

/image/2020/07/29/crop--1_3_720x1279_whatsapp-image-2020-07-29-at-10.22.11.jpeg

Бүгін, сағат таңғы 05:19-да Ақмола облысы Атбасар ауданының Хрящевка ауылында түрғын үйден өрт шықты. Бұл туралы Қазақстанның ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.

Комитеттің хабарлауынша, 7 адамнан тұратын отбасының 1979, 1981 жылы туған ата-анасы және 5 баласы болған. Олар 2004, 2005, 2007, 2008 жылдары туған ұлдар мен 2012 туған қыз бала.

Атбасар қаласының №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келгенге дейін ата-анасы мен 2004, 2012 жылы туған екі бала сынған терезеден өздігінен шыққан. Өрт кезінде үйдің төбесі құлаған.

Өрт сағат 08:25-те сөндірілді. Үйінділерді тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өрттің орнынан үш баланың мәйіті табылды. 

Төтенше жағдай департаментінен өртті сөндіруге 12 қызметкер мен 2 техника, ерікті түрде өртті сөндіруге тартылған ұйымдардан 3 адам мен 3 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ  аудандық полиция бөлімінің кезекші жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Өрттің себебін анықтау үшін Көкшетау қаласынан мамандар жіберілді.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи