Министр: Бес жасқа дейінгі балаларға маска тақпауға рұқсат етілді

/image/2020/08/01/crop-55_7_324x431_d04ca798-329f-4d56-ac53-d8e09258b843.jpeg
Қазақстанның lенсаулық сақтау министрі Алексей Цой бес жасқа дейінгі балалар мен далада спортпен айналысатындарға бетпердесіз жүруге рұқсат етілгенін хабарлады.

Алексей Цой 2020 жылдың 5 шілдесіндегі "Санитарлық эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы" туралы бұйрыққа мынадай өзгерістер енгізді:

– Қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, оларға қызмет көрсетуге және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте медициналық немесе мата маскаларды кию, бес жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, қоғамдық тамақтану орындарында ас ішетін жағдайларды қоспағанда, міндетті болып табылады;

– қоғамдық орындарда далада медициналық немесе мата маскаларды кию, бес жасқа дейінгі балаларды және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 5 адамнан аспайтын жеке, топтық спортпен шұғылданатын адамдарды қоспағанда, міндетті болып табылады.

Елдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы бойынша 30 шілдеден бастап қазақстандықтар далада маска тағып жүруге міндетті.

Связанные Статьи