Ресейде КВИ-ға қарсы вакцинаның дайын болу мерзімі хабарланды

/image/2020/08/02/crop-12_13_489x866_depositphotos_344965380_xl-2015-pic905-895x505-41033.jpg
Ресейде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина тегін болады. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко мәлім етті, деп жазады ria.ru.
 
Министрдің сөзінше, 10 тамыздан аймақтарға вакцина жеткізіле бастайды. Вирусқа қарсы екпе қазан айында толық әзір болады деп күтілуде.
 
Ресейде COVID-19-ға қарсы вакцинация жасауға 17 ғылыми ұйым жұмылдырылған.
 
Басылымның жазуынша, бүгінде Гамелей атындағы ұлттық орталықта препаратты клиникалық сынау кезеңі сәтті аяқталған. Вакцина 10-12 тамыз аралығында тіркеуден өтіп, 15-16 тамызда айналымға енгізілуі мүмкін.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи