Алматыда "Алмалы" тұрғын үй кешеніндегі азаматтарға оқ атқан адам ұсталды. Бұл туралы zhest_kazakhstan парақшасында хабарланды.
Оқиға 8 тамыз күні Алатау ауданы "Алмалы" тұрғын үй кешенінің ауласында болған. Әлеуметтік желіде төбелестің видеосы жарияланған.
"Түн ішінде музыка даусымен адамдардың мазасын алған ер адамнан екі тұрғын тыныштықты сақтауды сұрайды. Ер адам оқыстан тапаншамен оқ атып, бір тұрғынның басынан тапанша сабымен ұрған. Оқиғаның соңы төбелеске ұласқан. Тұрғындар оны полиция келгенше ұстап тұрған. Бас жарақатын алған тұрғын ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер басын тіккен" делінген парақшадағы жазбада.
Полиция департаментінің хабарлауынша, Қазақстанның қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қылмыстық іс бойынша 1986 жылы туған ер адам ұсталып, одан пневматикалық тапанша тәркіленген.
Оставить комментарий