"Екі күн жұмыс істеймін". Қызметінен кететін әкім видеоүндеу жасады

/image/2020/08/12/crop-76_24_1031x1375_2wzwqc8v.jpg

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов бірнеше күннен кейін қызметінен кететінін видеоүндеу арқылы мәлімдеді

– Біз – мемлекеттік қызметкерміз. Мен осы қалада 5 жыл жұмыс істедім. Енді, ротация деген түсінік бар. Енді мен осы қызметте екі күн жұмыс істеймін. Әрі қарай Қарағандыға облыстық басқармаға басшы қызметіне ауысамын, – деді ол.

Әкім бұл қызметке 2015 жылы тамыз айында тағайындалған болатын.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи