Белгілі сазгер, әнші Марат Омаров пандемиядан соң АҚШ-та өтетін қайырымдылық концертіне шақырылды. Бұл туралы сазгер әлеуметтік желіде хабарлады.
Оның айтуынша, іс-шара АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен ұйымдастырылып жатыр.
«Дүниежүзілік композиторлар қауымдастығының мүшесі ретінде мені АҚШ-та қайырымдылық концерті болатынынан хабардар етті. Сондай-ақ мен "Коронавирус, кет, кет!" әнімен қонақтар тізімінде бар екенмін. Олар қоңырау шалып, әнді ұнататынын айтты. Әнді ағылшын тіліне аударып та қойдым" делінген жазбасында.
Еске салсақ, отандық сазгердің "Коронавирус, кет, кет!" әні пандемия басталған тұста жазылып, ел арасында кеңінен танылған.
Оставить комментарий