Денсаулық сақтау министрлігі 10-16 тамыз аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 146 адам көз жұмғанын хабарлады.
Оның ішінде 27 адам Шығыс Қазақстан облысында, 25 адам Алматыда, 20 адам Нұр-Сұлтан қаласында, 15 адам Батыс Қазақстан облысында, 13 адам Қарағанды облысында, 10 адам Атырау облысында, 7 адам Алматы облысында, 6 науқас Шымкентте, тағы 6 науқас Ақмола, Павлодар облыстарында, Ақтөбе облысында 4, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында 2, Қызылорда облысында 1 адам өлген.
Қазақстанда коронавирустан барлығы 1415 адам қайтыс болды.
Елде індет анықталған алғашқы күннен бері 103 300 адам вирус жұқтырса, оның ішінде 84 445 адам жазылып шыққан.
1 тамыздан бері 18673 адамнан коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония анықталған, оның 220-сы көз жұмған.
Оставить комментарий