ШҚО-дағы колледждердің 716 студенті биыл жаңа жатақханаларға орналасады

/image/2020/08/18/crop-11_200_1067x1897_053929739600.jpeg
Ағымдағы жылы өңіріміздегі колледждердің студенттеріне 2 жатақхана қолданысқа беріледі. Тұңғыш Президенттің үшінші бастамасын жүзеге асыру мақсатында Шығыс Қазақстанда 3900 орындық 10 жатақхана ашу жоспарланып отыр.
2018-2019 жылдары 1052 орындық 3 жатақхана пайдалануға берілді. Оның ішінде Семейдегі 2 колледж бен Д.Серікбаев атындағы 1 колледждің қабырғасында ашылды.
2020-2022 жылдары 2848 орындық 7 жатақхана салынады. Ағымдағы жылы студенттер 716 орындық екі колледждің жаңа жатақханасына орналасады. Оның ішінде Өскеменде 428 орындық, Семейде 288 орындық жатақхана пайдалануға беріледі. 2021 жылы Өскемен мен Аягөздегі 2 колледждің жанынан 348 орындық жатақхана салынады. 2022 жылы 1784 орындық 3 жатақхана бой көтереді. Өскемендегі 1 колледжде 244 орындық, Семейдегі 2 ЖОО-ы жанынан 1540 орындық жатақхана салынатынын атап өткен орынды.
Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи