ШҚО-ның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес өңірдегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы 23 мамырдан бастап қайта жанданды. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін ХҚКО-ы мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа форматына көшті. Бұл туралы ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Азаматтарға арналған үкіметтің» ШҚО бойынша филиал директоры Азамат Есембулов мәлім етті.
- Шығысқазақстандықтар 23 мамырдан бастап ХҚКО-нан электронды нұсқада қолжетімсіз қызметтерді ала алады. Естеріңізге сала кетейік, ХҚКО-на келу үшін орынды брондау керек. Бүгінде жаңа формат бойынша Семей мен Өскемендегі ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмыс істейді. Ал аудан орталықтары еш өзгеріссіз қызмет көрсетеді, - деді Азамат Есембулов.
Мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы egov.kz порталында қолжетімді. Сондай-ақ кейбір қызмет түрлерін ЕgovМоbile мен телеграм-боттағы eGovKzBot2.0 және Facebook пен Vk әлеуметтік желілерінен алуға болады. Брифингке қатысқан Азамат Есембулов осылай деді.
- Азаматтарға ыңғайлы болу үшін әкім аппаратымен бірлесіп, өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштарын ашылды. Бүгінгі электронды үкімет порталына қосылған дәл осындай 100 бұрыш халыққа қызмет көрсетіп тұр, - деді Азамат Есембулов.
Брифингке Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігіне қарасты «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Рафаэль Гасанов қатысып, «Азаматтарға арналған үкіметтің» ШҚО бойынша филиалының жұмысына оң бағасын берді.
- Брондау бойынша мәселе жоқ. Барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар толық сақталатынын байқадым. Бұған дейін Жарма, Аягөз, Үржар аудандарында жұмыс сапарымен болдым. Ол жақтағы ауылдарда цифрлық сауаттылықтың оң жолға қойылыпты. Мәселен, Аягөз ауданындағы Ақтоғай, Баршатас ауылдарында өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштарын ашылған екен. Мен дәл осындай бұрыштарды Үржар ауданында ашу қажет. Сондай-ақ Үржар ауданындағы интернет желісінің жылдамдығын арттыру керек, - деді Рафаэль Гасанов.
Оставить комментарий