ШҚО әкімінің құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша орынбасары Бақытжан Байахметов тұрғындармен жеке онлайн қабылдау өткізді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ШҚО әкімінің орынбасары видеоконференция арқылы тұрғындармен жеке онлайн қабылдау өткізді. Оған облыстық басқарма басшылары мен аудандық және қалалық әкімдіктер қатысты.
Аймақ басшысы орынбасарының онлайн қабылдауында 7 адам көмек сұрады. Соның бірі – Ұлан ауданының тұрғыны С.Матаева. Ол ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немелерін бағып отыр. Қарт ана онлайн қабылдау барысында кіші немересін тұрғын үймен қамтамасыз етуді өтінді.
Қабылдауға Өскемен қаласының үш тұрғыны қатысты. И.Казанскаяны саяжай бірлестігіндегі трансформаторды облыстық орталықтың балансына беру туралы мәселеге қызығушылық танытты. Р.Смағұлов ауланы абаттандыру және көгалдандыру мәселесін шешуге және шатырды жөндеуге қол ұшын беруді сұрады. Р.Жұбақов Өскемендегі сол жағалауда орналасқан Щорс көшесін жөндеуді өтінді.
Семейлік көпбалалы ана Р.Қасенова тұрғын үй кезегіндегі тізімін қалпына келтіруді сұрады.
Риддер қаласының тұрғындары Н.Мешкова мен О.Алтуханова жол жөндеу және Татар көшесіне су құбырларын тарту, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге арақ-шарап өнімдерін сату мәселесін қозғап, шешімін табуды өтінді.
Қабылдау барысында ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бұл мәселелер алдағы уақытта қарастырылатын атап өтті. Сондай-ақ аймақ басшысының орынбасары облыстық басқарма басшыларына тиісті тапсырмаларды жүктеді.
Оставить комментарий