"Аяусыз жазаланады". Аймағамбетов мұғалімдердің құқығын бұзғандарға ескерту жасады

/image/2020/08/21/crop-6_109_528x940_aimaganbetov.jpg

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің құқығын бұзғандар "аяусыз жазаланатынын" айтты. Бұл туралы министр республикалық тамыз кеңесінің пленарлық отырысында мәлімдеді.

– Мұғалім күнделікті екі құжатты ғана толтыруы керек. Әріптестеріміз басқа құжаттардан босатылды. Осы бұйрықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Колледж, университет, балабақшаларда да есеп-қисап күрт төмендейді. Ондаған бұйрық алынды, бұл жұмысты әрі қарай жалғастырамыз, – деді министр.

Министр мұғалімдердің қағазбастылықтан босатылғанын айта келіп, ережені бұзғандар "аяусыз жазаланады" деп ескертті.

– Аз уақыт ішінде 30 шақты басшы әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылды. Мұғалімдердің құқығын бұзған ата-аналар, басқа да тұлғалар жауапқа тартылады. Әрине, бұл жеткіліксіз. Бұл жұмыс әлі де жалғасын табады, – деп сөзін түйіндеді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи