Әдетте спирттік ішімдік ішкен күннің ертесінде бас ауыру, меңзең болу сияқты жайсыздық болады. Сол жайсыздықты жеңу үшін көптеген адамдар тағы да ішкенді жөн көреді. Себебі тағы да ішкенде адамның нерв жүйесі уланатындықтан ауруды сезбейді. Бірақ ертесінде тағы да дәл солай жайсыздық туылады. Оны жеңу үшін тағы да ішуге тура келеді, солай бұл үрдіс қайталана береді. Көп ішетін адамдар бұл үрдісті "бас жазу" деп атап кеткен.
Хелсинки университеті мен Шығыс Финландия университетінің ғалымдары спирттік ішімдіктерді ішкен соң туылатын бас ауыру, меңзең болу сияқты жайсыздықтарды болғызбайтын жаңа дәрі шығарды. Яғни ішкен күннің ертесінде "бас жазу" керек емес.
Финляндиялық ғалымдар 1200 миллиграм L-систейн амин қышқылының (amino acid L-cysteine) "бас жазуды" азайтатынын анықтаған.
Олар 19 еріктіге тәжірибе жасап, әр кг салмагына әр 3 сағат сайын 1.5 г арақ ішкізіп соңында бір таблетка L-систейн беріп нәтижесін бақылаған.
Зерттеу нәтижесі бойынша 600-1200 миллиграм L-систейн "бас жазуды" айтарлықтай төмендеткені белгілі болады.
Зерттеу нәтижесін Алкогол және алкоголизим журналына (Journal of Alcohol and Alcoholism) жариялаған.
Ғалымдардың айтуынша зерттеудің нәтижесі Европаны жайлаған алкоголизим (алқаштық) ауруын азайтады дейді.
Автор: Жексен Тоқтарбай
Оставить комментарий