Мұғалімдер коронавирусқа тест тапсырмайды

/image/2020/08/25/crop-64_13_646x861_depositphotos_51325433_m-2015-1.jpg

Жаңа оқу жылы алдында мұғалімдер коронавирусты анықтайтын тест тапсырмайды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.

– Мұғалімдердің арасында жаппай тегін коронавирусты анықтайтын тестілеуді тапсырудың қажеті жоқ. Себебі, мұғалімдер белсенді, салауатты өмір салтын ұстанады. Күн сайын олар көптеген адамдармен кездесетіндіктен, ПТР-тестілеу сынақтарын өткізу мәнісін жоғалтады, – деді Қожахметов.

Мұғалімдерде қауіпті аурудың алғашқы белгілерінің бар-жоғын мектеп мейірбикелері анықтайды. Олар мекемеге кірмес бұрын, алдымен дене қызуын өлшеп, маскамен кіргізіледі.

Сондай-ақ, мектеп оқушылары да ғимаратқа медициналық бетперде тағып, ара қашықтықты сақтайды. Коронавирус жұқтырудан сақтайтын қорғаныш құралдарын ұстаздар мен ата-аналар өзі сатып алады. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи