БҚО-да 81 жастағы зейнеткер зорлықпен өлтірілген

/image/2020/09/07/crop-2_52_538x957_whatsapp-image-2020-09-07-at-10.31.12.jpeg

4 қыркүйек күні Батыс Қазақстанның "1-автодорожник" саяжайында ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады Мой город порталы.

Полиция департаментінің баспасөзі қызметінің хабарлауынша, 81 жастағы ер адамды зорлықпен өлтірген.

– Аталған жағдай бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі ("Өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аса ауыр қылмысты ашу үшін жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи