Трамптың бұрынғы заңгері: Трамп қара нәсілділер басқаратын елдер "дәретхана" деді

/image/2020/09/08/crop-8_7_404x624_download.jpeg

АҚШ президентінің бұрынғы заңгері Майкл Коэннің сөзіне қарағанда, Дональд Трамп өзін нісілшіл мафия сияқты ұстайды және "барлық қара нәсілділерге пікірі нашар". Бұл туралы BBC хабарлады.

Бұл айыптаулар Коэннің "Сатқындық: естелік" кітабынан алынған. Ол кітабын басқа да қылмыстармен қатар, Трамптың сайлауалды кампаниясын қаржыландыру ережелерін бұзған қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан кезде жазған.

Коэннің айтуынша, Трамп Нельсон Мандела мен испандықтарға қатысты нәсілшіл пікірлер айтқан.

Кітапта Коэн өзін түрмеге түсірген "дәл сол қылмыстарға кінәлі" Трамп екенін айтып  айыптайды және бұрынғы бастығын "алдамшы, өтірікші, алаяқ, бұзақы, нәсілшіл, жыртқыш, конман" деп атайды. Ол өзінің де бұрын "тобырлық бастық" менталитетіне ие болғанын айтты.

АҚШ-тың әр түрлі ақпараттық агенттіктері сейсенбіде шыққан кітаптан үзінділер жариялады. 

Коэн өзінің кітабында Трамп "әдетте, музыкадан бастап мәдениетке және саясатқа дейін қара нәсілділер үшін нашар пікірлер білдірді" деп жазды.

Оның сөзінше, Трамп Оңтүстік Африканың бұрынғы президенті және апартеидке қарсы белсенді Нельсон Манделаны "көшбасшы емес" дегенін айтты.

"Маған қара нәсілді адам басқаратын бір елді айтыңызшы. Бәрі де дәретхана деді Трамп мырза бір кездері" деп жазған Коэн.

"Бұл сөздер 2018 жылдан бастап Трамптың Африка елдерін "нәжіс" деп атағанына ұқсас айыптаулармен үндес" дейді BBC.

Дегенмен, сол кезде АҚШ президенті журналистерге "Мен нәсілшіл емеспін. Сізге сұхбат берген ең  нәсілшіл емес адаммын" деп жауап берген.

BBC ақпаратына сәйкес, нәсілдік айыптаулар Трамптың бірінші президенттік мерзіміне кедергі келтірді және республикашыл президенттің қараша айында өзінің демократиялық қарсыласы Джо Байденге қарсы қайта сайлауға түсуіне байланысты мәселе болып қала берді.

Коэн кітапта Трампты өзінен бұрынғы Барак Обамаға "жеккөрушілікпен қарайды" деп айыптайды.

Коэннің айтуынша, Трамп бірде "Мен ешқашан испандықтардың дауысын жинай алмаймын. Қара нәсілділер сияқты олар да Трампқа дауыс бере алмайтын ақымақ. Олар менің адамдарым емес" деген.

Дональд Трамптың бүкіл президенттік кезеңінде, әсіресе сайлау науқаны кезінде мексикалықтарды бірнеше рет масқаралағаннан кейін, Латын Америкалары туралы оның пікірлері  мұқият бақылауда болды.

2019 жылы президент Трамп Нью-Мексикода өткен митингіде "Ешкім испандықтарды бұдан артық жақсы көрмейді" деген.

Ақ үй "Коэн өтірік айтады" дейді

"Коэн - бұл конгресске өтірік айтқан масқара қылмыскер және қызметінен босатылған адвокат. Ол өзінің барлық сенімділігін жоғалтты және оның өтірікпен пайда табуға деген соңғы әрекетін көру таңқаларлық емес" деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кайлей МакЭнани демалыс күндері жасаған мәлімдемесінде

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи