Қазақстанның экс-президенті, қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлады Elbasy.kz.
Досаев Назарбаевқа қаржы нарығындағы жағдай мен елдегі ақша-несие саясатын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берді.
– Қаржы нарығындағы жағдай тұрақты. Биылғы сегіз айда инфляция жеті пайызға жетті. Бұл көрсеткіш біз болжап отырған деңгейде тұр. Базалық мөлшерлемені тоғыз пайыз деңгейінде сақтап қалдық, – деді Е.Досаев.
Оставить комментарий