Коронавирустық вакцина қазан айының ортасына дейін дайын болады. АҚШ президенті Дональд Трамп бұл туралы сейсенбі, 15 қыркүйекте ABC телеарнасының эфирінде мәлімдеді.
– Алдыңғы әкімшіліктер вакцинаны қабылдауға бірнеше жыл жұмсар ма еді. Ал бізде оны алуға бірнеше апта қалды", – деді ол.
Трамп тиімді және қауіпсіз препарат жақын арада дайын болатынына сенімді.
Бұған дейін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео "Ресей мен Қытай өздерінің саяси мүдделеріне сүйене отырып, COVID-19-ға қарсы вакциналарды асығыс жасап жатыр" деп мәлімдеген болатын. Ал Демократиялық партиядан АҚШ вице-президенттігіне үміткер Камала Харрис Трампты президент сайлауы қарсаңында коронавирусқа қарсы вакцина мәселесін саясиландырып жатыр дейді.
Оставить комментарий