Желіде қостанайлықпын деген азаматтың ұлтараздықты қоздыратын видеосы таралды

/image/2020/09/22/crop-22_9_697x1239_whatsapp-image-2020-09-22-at-15.07.17.jpeg
Inter вата youtube арнасының жүргізушісі Василий мен өзін Қостанай қаласының тұрғынымын деп таныстырған Кирилл есімді азамат арасындағы сұхбат жарияланды. Сұхбатта қостанайлық тұрғын қазақ тілі мен қазақ халқы туралы ұлтараздығын тудыратын, қорлайтын сөздер айтқан.
 
Сұхбат жүргізушінің өзінің Киевтен екенін, украин тілінде сөйлейтінін, орысша аздап ойын дұрыс жеткізбеуі мүмкін екенін айтумен басталады. Бұған жауап ретінде сұхбаттасушы азамат "орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі" дегенді айтты. Жүргізуші орыс тілінің құрама тіл екені туралы қызық дерек оқығанынымен бөліскенде, қостанайлық тұрғын өзінің ұлы орыс тілінде сөйлейтінін, ұлы орыс халқының өкілі екенін атап өтті.
 
Артынша әңгіме қазақ тілі туралы болғанда Кирил есімді азамат қазақ тілі мен қазақ халқы туралы бейәдеп сөздерді бората жөнелген. 
 
Қамшы порталы құзырлы органдардан қазақ халқына, оның тіліне тіл тигізіп, ұлтараздығын туғызып отырған азаматқа заң шеңберінде шара қолдануға шақырады. 
Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи