Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі Райымбек батыр бекетінің үш күнге жабылатынын хабарлады.
"Құрметті жолаушылар, 2020 жылдың 25, 26, 27 қыркүйегінде сағат 18:00-ден метрополитеннің Райымбек батыр бекеті техникалық себептер бойынша жабылатын болады.
Жібек жолы бекетінен Мәскеу бекетіне дейін барлық жолаушылардың өз маршруттарын ертерек түзетулеріңізді өтініп сұраймыз.
Ыңғайсыздық тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз!" делінген таратылған ақпараттық хабарламада.
Оставить комментарий