Денсаулық сақтау министрлігі елде өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониядан 2 адам қайтыс болғанын хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 229 жағдайы тіркелген. Осы жағдайдан 2 адам қайтыс болды. Сондай-ақ 71 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 45 бала бар. Стационарларда 1 808 науқас жатыр. 1 527 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр.
Жалпы науқастардың арасында 91 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 15 науқастың жағдайы аса ауыр. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Оставить комментарий