Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов президенттің білім саласына қатысты тапсырмалары қалай орындалатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
– Мемлекет басшысы педагогикалық мамандықтарға түсетін абитуриенттерге қойылатын талаптарды арттыру және стипендия мөлшерін 42 мың теңгеге дейін ұлғайту тапсырмасын берді. Өткен жылы стипендия мөлшері 21 мың теңгені құраса, Президенттің тапсырмасынан кейін желтоқсан айында 26 мың теңгеге дейін өсті. Ал 1 қыркүйектен бастап болашақ педагогтердің стипендиясы 42 мың теңге мөлшерінде болып отыр. Бұл барлық мамандықтардың ішіндегі ең жоғарғы стипендия болады. Айта кетерлігі, студенттер кешеден бері осы стипендияны ала бастады, – деді министр.
Оставить комментарий