Атақты дәрігер Ерік Байжүнісов үйқамаққа алынды

/image/2020/09/29/crop-38_3_361x481_13bb427e2aa0d1c929eff0898a1e4427_resize_w_742_h_365.jpg

Дәрігер Ерік Байжүнісовтің үйқамаққа алынды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы қызметі хабарлады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қызметі бірнеше рет пара алды деген күдікпен Ерік Байжүнісовті үйқамаққа алды. Қазір қылмыстық істің мән-жайын жан-жақты, объективті зерттеуге арналған тергеу амалдары жүріп жатыр. Қазақстанның қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына ("Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу") сәйкес, сотқа дейінгі тергеуге қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды" делінген хабарламада.

Ерік Байжүнісов бұрын денсаулық сақтау вице-министрі болған. 2020 жылдың 4 тамызында "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау" орталығының бас директоры қызметіне тағайындалған.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи