Мәжіліс депутаты кредитті кешіру тақырыбын қайта көтерді

/image/2020/09/30/crop-23_-15_399x710_wiyyz7hzgvfzfba1idk0vqpchpqjijrui9eoowmr-750x375.jpeg

Депутаттар қазақстандықтардың несиелерін кешіру бастамасын тағы да көтерді. Мәселе бойынша мәжіліс депутаты Азат Перуашев премьер-министрге, ұлттық банк және қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасына сауал жолдады, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Азат Перуашев соңғы айларда қоғам мен мәжілісте кредиттік амнистия туралы мәселе көтеріліп жатқанын айтып, бұл бастама "пандемия кезінде халықтың жағдайы нашарлауы мен шағын және орта бизнестің жаппай күйреуін ескере отырып, назар аударуға лайық" деп атап өтті.

– Тек дүниежүзілік банктің деректері бойынша биыл кедейлік шегінен төмен өмір сүріп жатқан қазақстандықтардың саны бір жарым есеге, яғни 800 мың адамға артып, 2 миллион 300 мыңнан асқан. Біздің еліміздегі әрбір сегізінші азамат кедейліктің шегінде өмір сүретіні белгілі болды.

Бұл мұнай өндіретін мемлекет үшін қорқынышты және жол беруге болмайтын көрсеткіш. Сондықтан адамдардың несиелік амнистия жасау туралы талаптарының негізі бар және ол бәріне де түсінікті, – деді депутат.

Ол өткен жылы шамамен 106 миллиард теңге сомаға аз қамтылғандардың банктік борыштары кешірілгенін еске салып, бірақ мәселенің шешілмегенін, керісінше ушығып кеткенін айтты.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи