Екібастұз қаласында мектеп директоры пара алды деген күдікке ілінді (видео)

/image/2020/10/02/crop-20_3_972x1296_mycollages-24.jpg

Екібастұз қаласындағы жалпы орта білім беретін мектептердің бірінің директоры пара алу үстінде ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.

"Мектеп директорының үстінен сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ол орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша оқу сағаттарын бергені үшін мектеп кітапханасының меңгерушісінен заңсыз ақшалай сыйақы алды деген күдікке ілінді, – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн брифингте.

Тергеу аяқталды. Айыпталушыны сотқа беру туралы мәселені шешу үшін іс материалдары прокуратураға жіберілді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи