Алматыда 4 қабатты үйден өрт шықты. Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық порталы inform.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды. Оқиға Әуезов ауданындағы №2 үйдің 4-қабатындағы пәтерде болған.
Қызыл жалын үш бөлмелі пәтердің ішіндегі тұрмыстық заттарды, жиһаздарды зақымдаған. Өрт 15 шаршы метр жерді шарпыды.
Аталған үйден 20 адам, оның ішінде 6 бала қауіпсіз жерге көшірілді.
Өрт сөндірушілер 15 минуттың ішінде тілсіз жауды ауыздықтады.