Мамин Мәскеуде Ресей премьер-министрімен кездесті

/image/2020/10/08/crop-3_-1_570x1013_5791031.jpg

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында Ресей үкіметінің төрағасы Михаил  Мишустинмен келіссөз жүргізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, энергетика салаларындағы, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперациядағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселесін талқылады.

Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.  COVID-19 індетінің таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикасы үшін пандемияның салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше көңіл бөлінді.

А. Маминнің Ресейдің орталық мемлекеттік органдарының, мемлекеттік корпорациялары мен қаржы-банк құрылымдарының басшылығымен Мәскеде кездесулері жоспарланған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи