Баймағамбетов «жалаңаш» еден жуды деп жазған БАҚ-ты сотқа бермек

/uploads/thumbnail/20170708193023137_small.jpg

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының сотында ҚР ҚМ Кеден бақылауы комитетінің бұрынғы басшысы Серік Баймағамбетовке азаптау тәсілін қолданды деп айыпталған АК 159/6 колониясының қызметкерлеріне қатысты сот ісі жалғасуда, деп хабарлайды «Қамшы» порталы  Today.kz-ке ілтеме жасай отырып.  Сот отырысы кезінде зардап шегуші өзінің сөзінде көрген қорлықтарын айтып берген еді. Бұл туралы қазақстандық БАҚ жазған болатын.

Айыптаушы жақ Баймағамбетов 2013 жылы жеткізілген мекемеде оны "тір дәлізден" өткізгенін айтады. "Бұл шынымен болған, ол дәлелденген", - дейді Шахтинск қаласы прокурорының орынбасары Талғат Әлекпаев.

Зардап шегушінің айтуынша, оны колонияға жеткізген кезде Руслан Поповьян атты қызметкер жаңадан келгеннің бәрі апарылатын карантиндік орынға ертіп апарған. Жол бойында ол Бймағамбетовты колония қызметкерлерінен құралған "тір дәлізден" өткізген. Яғни, бір қатарда тұрған адамдар оған соққы берген. Ал, карантиндік орында Поповьян оған жалаңаш күйінде еден жудыртпақ болған.

"БАҚ-та іс материалдары дұрыс түсіндірілмеген, - дейді Баймағамбетов. – Мен жалаңаш күйде еден жуған жоқпын. Поповьян мені солай істеуге мәжбүр етуге тырысты, бұл өзінше бір дәстүр, бұл сотталушыны бағындыру үшін жасалады, мен бас тарттым".

Баймағамбетов сондай-ақ, оны еден жуған деп жазған БАҚ-пен соттаспақ.

"Соталушы Баймағамбетов – бұрынғы министр жеткізілді, - дейді Руслан Поповьян. «Оны азаптау қандай олқылық екенін кім білмейді? Ол VIP белгісімен жеткізілген сотталушы. Ол азап көрсету туралы арызды колониядағы мерзімін қысқарту үшін жазып отыр.»

Сот шешімі 27 тамыз күні жария етіледі

Мұның алдында, айыптаушы жақ колония қызметкеріне қатысты үш жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрағаны хабарланған болатын.

Нұрзат Тоғжан

Связанные Статьи