Қырғызстан президенті Жээнбеков өз еркімен отставкаға кете ме?

/image/2020/10/08/crop-55_61_851x1513_46a9e641a7a18faebc034ce057bce5bd.jpg
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтың отставкаға кетуі мүмкін деген ақпаратты оның баспасөз хатшысы жоққа шығарды. Бұл туралы ria.ru сайты хабарлады.
 
– Президенттің өз еркімен отставкаға кетуі туралы мәселе талқыланбайды да көтерілмейді де, – деді Толгонай Стамалиева.
 
Сонымен қатар, баспасөз хатшы Қырғызстан премьер-министрі Кубатбек Бороновтың отставкаға кетуі туралы арыз президенттің алдына жетпегенін айтты.
 
Бүгін Сооронбай Жээнбековтың жаңадан сайланған парламент спикері Мыктыбек Абдылдаевпен телефон арқылы сөйлескені хабарланды. Тараптар елдегі мәселелерді құқықтық алаңда шешуге назар аударған. 
 
 
Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи