Коронавирус телефон бетінде бір ай бойы өлмейді – Австралиялық зерттеушілер

/image/2020/10/12/crop-22_14_420x763_iiii.jpg

"Ковид-19 вирусы банкнот, телефон экраны және тат баспайтын болат сияқты зат беттерінде 28 күн бойы жұқпалы болуы мүмкін" дейді зерттеушілер.

Австралия ұлттық ғылыми агенттігінің қорытындылары коронавирус біз ойлағаннан әлдеқайда ұзақ өмір сүре алатындығын көрсетті.

Алайда эксперимент қараңғыда жүргізілді. Ультрафиолет сәулесі вирусты өлтіретіні қазірдің өзінде дәлелденген.

Кейбір сарапшылар коронавирустың заттар арқылы жұғу қаупіне күмән келтірді.

Коронавирус көбінесе адамдар жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлескенде жұғады.

Сонымен қатар оның ауадағы бөлшектер арқылы таралуы мүмкін екені туралы дәлелдер бар. АҚШ-тың Ауруларды бақылау орталығының хабарлауынша, адамдар металл немесе пластик сияқты инфекцияланған беттерге жанасса, коронавирусты жұқтыруы мүмкін. Алайда бұл әлдеқайда сирек кездеседі деп саналады.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи