Бизнес-қауымдастық ұлттық альянсының дерегінше, Қырғызстандағы саяси тұрақсыздықтың салдарынан 2020 жылдың 10 қазанындағы шығын 8 миллиард сом немесе 104 миллион долларды құрады. Бұл туралы 24.kg сайты хабарлады.
Саяси ахуал салдарынан Қырғызстанда шамамен құны 210 миллион доллар болатын жиырмадан астам келісімшарт пен бизнес-жоба жойылған. Шығын жұмыссыздықты, салықтар мен төлемдер жоспарларын көбейтуі және елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын нашарлатуы мүмкін.
Бизнес-қауымдастық ұлттық альянсы барлық саяси күштерді консенсусқа қол жеткізу және төтенше жағдай сияқты шараларды жеңілдету сияқты ұсыныстарын айтып жатыр. Сондай-ақ жедел әрекет ету топтарын құра отырып, кәсіпорындардың барлық түрлерінің, әсіресе тау-кен өндірісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтуді сұрайды.
Оставить комментарий