Оңтүстік Кореяда екі қазақстандық қайтыс болды

/image/2020/10/13/crop-0_1_635x1129_whatsapp-image-2020-10-13-at-13.14.29.jpeg

Қазақстанның екі азаматы Оңтүстік Кореяда қайтыс болды. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты хабарлады.

Сайт мәліметінше, Оңтүстік Кореяда 20 жастағы түркістандық жігіт пен 50 жастағы нұр-сұлтандық әйел көз жұмған.

– Жас жігіт 8-9 метр биіктіктен құлаған. Ал 1970 жылы туған әйел ағаштан алма теріп жатқанда, сатыдан құлап кеткен. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр. Осы айдың аяғына дейін олардың мәйіті Қазақстанға жеткізіледі, – дейді "Друзья по СНГ" атты корейлердің халықаралық қоғамдық ұйымы адвокатының көмекшісі Мейірбек Садық.

Оның айтуынша, Кореяда соңғы алты айда 6 қазақстандық қайтыс болған.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи