Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы бірнеше есеге өседі

/image/2020/10/16/crop-8_0_1061x1492_mycollages-33.jpg

Дәрігерлердің жалақысы 2025 жылға дейін 550 мың теңгеге дейін өседі. Бұл туралы республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев онлайн брифингте хабарлады.

– Мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасы бойынша 2023-2025 жылдары дәрігерлердің жыл сайын жалақысын өсіру қарастырылған. Егер олардың орташа айлығы 98 мың теңге болатын болса, 2023 жылға қарай орташа жалақылары 253 мыңға дейін жетеді, – деді ол.

Республикалық орталықтың директоры 2025 жылға қарай дәрігердің орташа жалақысы 550 мың теңгеге дейін жететінін айтты.

– Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалақыны өсіру жайы қарастырылған. Ал 2025 жылға қарай дәрігерлердің орташа жалақысы 550 мың теңгеге дейін жететін болады, – деп атап айтты Төсекбаев..

Оставить комментарий

Связанные Статьи