Алматыда мәйітхана директоры пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
"Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "қалалық патологоанатомиялық бюро" ШЖҚ МКК-ның директоры ұсталды, ол салынып жатқан қалалық паталогоанатомиялық бюроға медициналық жабдықтарды жеткізу бойынша қабылдау актісіне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 14 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді" делінген хабарламада.