Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев елдің екінші үлкен қаласы Ганджанға шабуыл жасалғаннан кейін Арменияға қарсы соққы беруге уәде берді. Бұл туралы Әл-Жазира телеарнасы хабарлады.
Әлиевтің айтуынша, Әзербайжан армиясы Арменияға соққы береді және "ұрыс алаңында кек алады".
Ал Түркия Арменияның шабуылын "әскери қылмыс" деп атады.
– Армения "әскери қылмыс" жасап жатыр және "қатыгездік" үшін жауап беруі керек, – деп жазды Түркияның сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоглу Twitter-де.
Бұған дейін Әзербайжанның бас прокуратурасы "Ганжаға зымыран шабуылынан 13 бейбіт тұрғын қаза тауып, 40-тан астам адам жараланды" деп хабарлаған.
Оставить комментарий