Тұрғымбаев: Халық үні назардан тыс қалмауға тиіс

/image/2020/10/19/crop-339_44_792x1056_1549964194_article_b.jpeg

Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев өңірлердегі полиция департаменті басшыларының Facebook парақшаларын жариялады.

– Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, соны шешуге әрекет ету, тұрғындармен кері байланыс жасау: мемлекет Басшысының "Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет" атты тұжырымдамасының басты мақсаты – осы. Бүгінгі таңда менің атыма келіп түсіп жатқан сұрақтар аз емес. Осыған орай менің тапсырмаммен "Фейсбук" әлеуметтік желісіне аумақтық полиция департаменттерінің басшылары да тіркелгенін жеткіземін. Сіздер төмендегі сілтемелер арқылы өз облыстарыңыздағы полиция департаментінің басшысымен тікелей байланыса аласыздар. Халық үні назардан тыс қалмауға тиіс, – деді министр.

">Полиция департаменті басшыларының әлеуметтік желідегі парақшалары

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи